Қазақстанда коронавирустан тағы төрт адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирустан тағы төрт адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Нұр-Сұлтан қаласы - 1941 жылы туған әйел, Павлодар облысы - 1971 жылы туған әйел адам, Ақмола облысы - 1977 жылы дүниеге келген ер және 1952 жылы туған әйел адам", - делінген хабарламада.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдағаны айтылады.
Қазақстан бойынша барлығы 77 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласы – 15Алматы қаласы – 10Шымкент қаласы – 11Ақмола облысы – 6Атырау облысы – 3Шығыс Қазақстан облысы – 1Жамбыл облысы – 1Батыс Қазақстан облысы – 4Қарағанды облысы – 7Қостанай облысы – 2Маңғыстау облысы – 2Павлодар облысы – 12Түркістан облысы – 3
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 14 496-ға жетті. Аурудан айыққандардың саны - 9 188.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!