«Астана» словениялық «Мариборды» ұтып, Чемпиондар Лигасының келесі кезеңіне шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Астана-Арена» стадионында УЕФА Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астана» футбол командасы словениялық «Мариборды» қабылдап, 3:1 есебімен ұтты. Осылайша, футболдан Қазақстан чемпионы «Астана» командасы екі матчтағы кездесу қорытындысы бойынша Чемпиондар Лигасының келесі кезеңіне шықты.