Коронавирусты бірге жеңеміз – Алматының ардагерлері Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматылық Несіпхан Батырханова есімді зейнеткер Алматы қаласының Алатау ауданының ардагерлер кеңесі атынан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тілеп, оңтүстік астана халқының ықыласын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.