Елде вирустан 127 адам қайтыс болды. Марқұмдардың көбі – Нұр-Сұлтанда
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 22 маусымдағы мәліметіне сай, елде тағы 7 адам қайтыс болды. Олардың басым бөлігі – Нұр-Сұлтанда. Ел астанасында 53, 64, 58, 45 жастағы ер адамдар және 53, 69 жастағы әйел адамдар; Қостанай облысында 71 жастағы ер адам COVID-19 дертінен көз жұмды.
Өлім-жітімді зерттеу комиссиясы бұл марқұмдардың қазасына COVID-19 дерті себеп болды деген шешім қабылдаған.
Қазақстанда коронавирустан барлығы 127 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласы – 38
Алматы қаласы – 20
Павлодар облысы – 13
Шымкент қаласы – 13
Қарағанды облысы – 10
Ақмола облысы – 8
Түркістан облысы – 8
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қостанай облысы – 3
Атырау облысы – 3
Маңғыстау облысы – 2
Ақтөбе облысы – 1
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Кейінгі уақытта елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейіп, елде күнде кем дегенде 4-5 адам COVID-19 дертінен қайтыс болғаны хабарланып жатыр.
Қазақстан билігі коронавирус жұқтырған кем дегенде 54 марқұмды ресми статистикаға қоспай отыр. Министрлік олардың өліміне "коронавирус емес, басқа дерттері себеп болды" дейді.