Теміртауда 14 жасар жасөспірім балалар үйінен қашып кеткен
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласында орналасқан SOS балалар ауылынан 14 жасар тәрбиеленуші жоғалып кетті. Жасөспірімді полиция және әскери бөлімше қызметкерлері іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.