ОҚО-да 295 млн. теңгеге заңсыз шығындау фактісі анықталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Биыл ОҚО прокуратурасы 12 жалған кәсіпорынды тіркеуден алды. Мемлекеттік кіріс органдары 7 млрд. теңгеден астам өндіріп алу бойынша жалған кәсіпорындар контрагенттеріне шаралар қолданбағаны анықталды, ұсыным енгізілді, соңғы екі жылда өндіріп алу 210 пайызға немесе 250 млн. теңгеден 779 млн теңгеге (2014 жылы 220 млн.) дейін өсті.