13 шілде күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 шілде күні Республиканың басым бөлігіне антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі. Алайда, елдің солтүстік және солтүстік-шығысында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр болады, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте және батыста - шаңды дауыл, шығыста бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.