2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан Румыния мен Дания құрамаларымен ойнайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жеребе тартылды. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы "Е" тобында Румыния, Дания, Польша, Армения және Черногория құрамаларымен әлем чемпионаты жолдамасына таласатын болады.