Бьюти-индустрия бүліктері: Қылтамақ болу кімдерге қажет?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сымдай тартылған сымбатты мүсін кез келген адамға сенімділік сыйлап қана қоймай, сырт көздің ерекше ықыласына бөлейді. Әсіресе, нәзік жандылар табиғатынан әсемдікке құмар ғой. Сұлу болғысы, сұлу көрінгісі келеді. Көрген адамның көзі тоймайтындай көркем болсам дейді. Қырмызыдай құлпырып, гүлдей жайнап жүрсем дейді. Ол түсінікті. Ал, «сымбатты адам - арық адам» деген қайдан қалыптасқан ұғым осы? Рас, қазақтың «қыпша белді», «талдай иілген» деген сөздері кербез де көркем, құлын мүсінді сұлу қызға қатысты айтылған. Бірақ «іші қабысқан», «ішегі жабысқан» демеген ғой? Ендеше неге қу жанымыз қалғанша арықтап, «сымбатты» болуымыз керек?!