Н.Назарбаев Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттаманы рәсімдеді
ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Бүгін Дүниежүзілік сауда ұйымы бас кеңесінің отырысының қорытындысында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттамаға қол қойылды. Құжатты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ДСҰ бас директоры Роберто Азеведо рәсімдеді.