"Бұл – қорлау". Хабаровск халқы басшыны Мәскеуден жіберуге қарсы шықты
Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік дума депутаты Михаил Дегтяревті Хабаровск өлкесі губернаторының міндетін атқарушы етіп тағайындады. Бұрынғы губернатор кісі өлтірді деген күдікпен тұтқындалған 9 шілдеден бері аймақ тұрғындары жаппай демонстрация өткізіп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, жергілікті халық басшының сырттан тағайындалғанына наразы, әрі олар Кремль аймақтағы жағдайды дұрыс түсінбей отыр деп санайды.