Ералы батыр бұл халықтың тілегін орындап болғаннан кейін Қоңыр төбеттің салдырған темір үйінің сыртынан өрт қойып өртеп, екі ағасын босатып, шешесін босатып алып, әкесінің екі көзін алып, барлығын көшіріп келсе, әкесі екі көзінен қанды жас ағып, зарлап отыр екен.