Қызылордада есірткі сатып пайда тауып жүрген азамат 10 жылға сотталды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада есірткі затын заңсыз сақтап, бір сіріңке қорабын 1000 теңгеден аудан тұрғындарына сатумен айналысқан Н. есімді азамат 10 жылға сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.