Джеймс Тони: «Геннадий Головкин Давид Лемьені нокаутқа жібереді»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш салмақ санатындағы әлемнің бұрынғы чемпионы 46 жастағы америкалық Джеймс Тони 17 қазанда WBA (Super) және WBC (Interim) нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен осы салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы канадалық Давид Лемье арасында өтетін жекпе-жекке өз болжамын білдірді, деп жазады sports.kz.