Қызылорда облысында 5 ай бұрын ашылған провизорлық стационар жабылды
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданаралық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде соңғы науқас емделіп шықты. Осылайша бес ай бұрын жұмысын бастаған провизорлық стационар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.