Қанат Әуесбай: Жолдау жаңа телехабар ашуға шабыттандырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі Президент жолдауының жетінші тармағында экологиялық білім беру мен биоәртүрлілік туралы айтылды. Мемлекет басшысы қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық даму қазақстандық күн тәртібінің басым бағыты екенін қадап айтты. Бұл тұрғыда мемлекет басшысы экологиялық құндылықтарды қоғамда кеңінен дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.