Археологтар ШҚО-дағы Елеке сазынан 850 алтын бұйым тапты
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары археолог әрі профессор Әбдеш Төлеубаевтың жетекшілігімен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Елеке сазынан сақ қоғамының билеушісіне тиесілі ат-әбзелдерін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.