2015 жылы Жаңаөзен қаласын дамытуға 7 млрд теңге бөлінді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласын дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарын және моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыруға ағымдағы жылы 7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова хабарлады.