Тілі ащы әйел
— Ажаркүлдің айтқаны келді. Барып қолын алып қайт. Оқуға түстің, Полат түсе алмай қалды. «Сенің балаң түседі, Алтынайдың баласы түсе алмайды» деп еді, мен ашық ауыз байқамай Полаттың шешесіне айтып қойыппын. Айтқандай, Полат бірінші ығзамнан-ақ құлап келді. Енді шешесі барып, Ажаркүлді жұлатын шығар. Ажаркүлдің аузы дуалы ғой, — деді апам айналасына рақаттана қарап. — Енді сені әскерге де алмайды ғой?
— Алмайды. Сол жерде оқытады. Лейтенант болып шығамыз.
— Полат сүндетке отырғанда «мен неге отырмаймын» деп жылап едің. «Сені бес жасыңда періште кесіп кеткен, сен одан бұрын отырғансың» деп әрең қойдырғаным есіңде ме? Сартқожаның бәкісінен де, әскерден де құтылдың. Құдайдың...