Түркістан облысында үй малына жарық шағылысатын алқа тағылады
СОЗАҚ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Созақ ауданында бұдан былай үй малына жарық шағылыстыратын алқа тағылатын болады. Себебі, күн бата көлік иелері жол бойында жайылып жүрген төрт түлікті қағып кету жағдайы жиілеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.