15 жасар қыз екі адамға пышақ салған қылмыскерді ұстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі Түмен қаласының тұрғындары небәрі 15 жастағы Катя Пименованың ерлігін кеңінен талқылауда. Өз үйінің ауласында ер адамның екі жас азаматқа пышақ салғанын көрген ол еш саспастан қылмыскерге тұра ұмтылып, қолдарын қайырып, жерге атып ұрды.