Оралда зейнеткер әйелді қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 1 тамыз күні кешкісін сағат 22.00 шамасында ВАЗ-2110 автокөлігімен белгісіз жүргізуші ескі әуежай ауданында, Алаш және Жауынгер интернационалистер көшелерінің қиылысында 1939 жылғы И. деген зейнеткер әйелді қағып кетіп, бой тасалаған болатын.