Жүрекке әжім түспейді
Сағын аға екеуіміз сәскеліктен соң серуенге шығамыз. Сағын аға сәмбі талдан жонған ақ таяғын қолына алады:
Жазушы Ғалым Ахмедовке арналды.
Автор
Сағын аға екеуіміз сәскеліктен соң серуенге шығамыз. Сағын аға сәмбі талдан жонған ақ таяғын қолына алады:
— Е, бар болғыр, жүр енді, күн ысып кетеді, аяғыңа жеңіл бірдеңе ки, тауда туфлимен жүре алмайсың, — деп мені мектепке жетектеп апаратын баладай баптайды.
Сағын аға, құдай бұйыртса, енді бір жылдан кейін сексенге келеді. Ал соған қарап, бүкірейген шал екен деп ойлап қаларсыздар. Қайдағы шал? Жігіт ағасымыз деп жүрген біздерден көп ширақ. Өзі бойшаң, сол сұңғақ бойын тіп-тік ұстайды. Екі беті нарттай, мейірімді көздері көзілдірік дегенді білмейді, әлі шоқтай жайнап, күлімсірейді де тұрады, жарықтық. Өмірі ызғар шашып, суық...