Түркістанда «Үздік педагог 2020» байқауының жеңімпаздары марапатталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Ұстаздар күніне» орай салтанатты жиын өтіп, республикалық «Үздік педагог 2020» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың онлайн режимдегі құттықтауымен басталған шарада ұстаздар ерекше құрметке бөленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.