Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған марафон қатысушылары Астанаға жетті (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуына орай ұйымдастырылған марафон тамыз айының 1-інде Ақмола облысы Бурабай ауданының Абылай хан мекенінен басталған және тура 550 шақырымға созылады. Үш жүздің басын біріктірген ұлы Абылай хан мекенінен осы марафонның басталуы да тегін емес, әрине. Тарихқа терең бойласақ осы киелі далада хан Бұхара мен Қытай елшілерін қабылдап, өзінің билігін жүргізген деседі.