«100 нақты қадам»: жаңа талаптар сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етеді - Ақжайық аудандық сотының төрағасы, БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының екінші бөлімі заң үстемдігін қамтамасыз етуге арналғаны белгілі. Атап айтқанда, 20-қадамда «Барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс», деп жазылған. Бұл талап сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның адамның конституциялық құқығын сақтаудағы маңызы өте зор. Бұл туралы Ақжайық аудандық сотының төрағасы Әмірхан Құлекешев мәлім етті.