Алматы маңында бөлшектенген ер адамның мүрдесі табылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылы маңында Қаскелең өзенінің бойынан ер адамның бөлшектенген денесі табылды. Полиция алдымен оның денесін тапқан. Кейін қылмыс болған жерден 500-700 метр қашықтықта өзеннен қапқа салынып өртелген басы табылды.