Бірінші қан тобы бар адамдар коронавируспен аз ауырады
Короновирус туралы жаңа ашулар
Сарапшылар коронавирусты жұқтырған жарты миллионға жуық науқасты тексерді.
Даниялық сарапшылардың айтуынша, «АВ0 (бірінші топ) қан тобы бар адамдар коронавирусты жұқтыру қаупі ең төмен». Ауру ағымының ауырлығы да осыған байланысты. Сарапшылар бұл байланысты екі зерттеудің нәтижелері бойынша анықтады. Баяндама авторлары COVID-19-ға тексерілген 473 мыңнан астам адамның деректерін салыстырғанын айтты.
«Оң тестілеуден өткендердің арасында АВ0(бірінші топ) қан тобы бар науқастар аз болды және А (екінші), В (үшінші) және АВ (төртінші) науқастар көп болды», - делінген құжатта.
Ғалымдардың түсіндірмелері бойынша бірінші қан тобында организмге коронавирустық инфекцияны жіберетін эритроциттердің антигендері болмайды.
Осындай зерттеу Канадада да жүргізілді. Оған ауыр халдегі коронавирусты жұқтырған 95 науқас...