Алматыда биылдан бастап мектеп оқушылары оқулықтармен толығымен тегін қамтамасыз етіледі - С. Такева
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биыл мектеп оқушылары оқулықтармен толығымен тегін қамтамасыз етіледі. Оқулықтарды мектептер тарататын болады. Бұл туралы бүгін Алматыда «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы аясында Алматы қалалық білім басқармасының әдіскері Саида Такеева мәлімдеді.