Алдардың елу ат алуы
Шалдың кенже баласы қолына таяқ ұстап, белін белбеумен қыстап, күн-түн жүріп, айлар-жылдар жүріп, бір заңғар тауға келеді.
Нардай шөккен заңғар тау алдын бөгейді. Таудың басы бұлттан асқан екен. Басына шыға алмас, мұндай тау кездескенге Алдар қайғыланады.
— Ебін тауып адамды да, Алланы да, жын-шайтанды да алдауға кетіп бара жатырмын. Сондай таудай талапты арқалап келе жатқанда, бұл тау маған бұйым бола ма? Қалай да болса осы таудың басына шығып, асамын, — дейді.
Қона жатып, қыстап жатып, таудың тасын қажап, саты жасайды. Өлдім-талдым дегенде, дымым құрыды дегенде, күндерде бір күн азар деп таудың басына шығады. Басына шығады да, талып құлайды.
Бір уақыттарда...