Мы в Telegram
Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ұрып-соққан, пәтерін тартып алған. Оралда әйелін кепілге алған адам 13 жылға сотталды

Ұрып-соққан, пәтерін тартып алған. Оралда әйелін кепілге алған адам 13 жылға сотталды

Оралда былтыр әйелін кепілге алған 42 жастағы Ерлан Исламғалиевке сот үкімі шықты. Тергеу он айға, сот процесі екі айға созылды. Сот Исламғалиевті 13 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейді. Жәбірленушінің адвокаты бұл хикая әлі аяқталған жоқ деп есептейді.

2 қарашада Батыс Қазақстан облыстық ауданаралық мамандандырылған сотында судья Шара Зайнуллина 42 жастағы Ерлан Исламғалиевке үкім шығарды. Айыпталушы бірден төрт бап бойынша жазаға кесілді. Бас бостандығына айырудың ең жоғары мерзімі – 13 жылды ол ірі көлемдегі мүлікті қорқытып алып қою бабы бойынша алды (Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-тармағы 2-тармақшасы). Қысқамерзімді жазаларды ұзақмерзімді үкімнің ішіне кіргізіп жіберетін ереже бойынша айыпталушы төрт бап бойынша жалпы 13 жылға қатаң режимдегі колонияға жіберілді.

КЕПІЛГЕ АЛУ ЖӘНЕ ТҰТҚЫНДАУ

2019 жылы қарашаның басында Ираида Исламғалиева жұмыс істейтін нотариалдық бөлімшеге оның күйеуі Ерлан басып кірген. Қолына граната мен пышақ ұстаған ол бөлімшедегі адамдарды қуып шығып, есікті ішінен жауып алған.

– Ол мені өлтіретінін айтты. Ол жерден тірі шықпайтыныма сенімді болдым. Маған қорлық көрсетіп, ұрып-соқты, – дейді басынан өткен сұмдықты есіне алған Ираида Исламғалиева.

Ираиданың айтуынша, сол күнгі оқиғаға дейін ол өзін ұрып-соғып, қоқан-лоқы көрсетіп, ізінен қалмаған күйеуінің үстінен полицияға бірнеше рет арыз берген.

– Полицияға арыз жаздым, бірақ оған қарсы бір де бір рет шынайы іс қозғалған жоқ. Ата-анамның үйіне баса көктеп кіріп, әкемді ұрып-соққан кезде де полиция шақырдық. Бірақ ол әр жолы жазасыз қалып отырды. Жақындарымды қорқытып, мені өлтіруге уәде берді, – дейді Ираида Исламғалиева.

Сол күні Ерланмен келіссөз алты сағатқа созылған. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, келіссөз барысында Исламғалиев кәмпит, шампан, тапанша, ұшақ, 100 мың доллар және инкассатор көлігін сұраған.

– Ол бүкіл назар өзіне ауғанын түсінгенде, бәрін мазақ қыла бастады: біресе шампан, біресе тапанша, енді бірде ұшақ сұрады. Бұл нағыз келемеждеу болды: ол айналасына тым көп көрермен жиналғанын сезді, – дейді Исламғалиева.

Алты сағаттан кейін Ерлан Исламғалиев әйелін жіберіп, полицияның алдына шығуға келіскен. Тергеу барысында Ираида күйеуінің қолында кепілде болған алты сағат ішінде физикалық және сексуалды зорлыққа ұшырағаны анықталған. Кеңсенің алдында жедел-жәрдем көлігі тұрған. Дәрігерлер Ираиданы бірден ауруханаға жеткізіп, жан сақтау бөліміне жатқызған.

Ерлан Исламғалиев кепілге алған әйелін жібергеннен кейін оны полиция ұстаған. Кейінірек ақпарат құралдары Ерлан Исламғалиевқа қарсы "Зорлау" және "Адамды кепілге алу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

ТЕРГЕУ ЖӘНЕ СОТ

Бес айға созылған тергеу шараларынан кейін Ираида Исламғалиева полицияның іс материалдарын сотқа беруге дайындап жатқанын естіген. Бірақ екі күннен кейін қорғау тарапының өтініші бойынша тергеу қайта жалғасатыны белгілі болған. Ираида істі әдейі созуға тырысқандарын айтады. Осы кезде Ерлан Исламғалиевтың арызы бойынша Ираидаға қарсы бірнеше қылмыстық іс тіркелген.

– Бір қызығы, бір арыз бойынша бірнеше іс қозғаған. Ол үнемі менің үстімнен арыз жазумен болды. Оның үстіне, уақытша тергеу изоляторында отырып, әр кеш сайын маған хабарлама жазып, қоңырау шалатын. Қоқан-лоқы көрсетіп, босап шыққан соң мені өлтіретінін айтып, жақындарымның көзін құртуға уәде берді, – дейді Ираида Исламғалиева.

Тергеу кезінде Ерлан Исламғалиевқа қарсы тағы бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Нәтижесінде 18 тамызда басталған сотқа жеткен іс "Қару қолдану арқылы адамды кепілге алу", "Қорқыту", "Аса қатыгездікпен бірнеше рет жасалған зорлау", "Азаптауды қолдану арқылы қинау", "Ірі мөлшерде мүлік алу мақсатында жасалған қорқытып алушылық" баптары бойынша қаралған. Судья Шара Зайнуллинаның шешімімен сот процесі жабық режимде өткен. Сот барысында жәбірленуші мен прокурор "Қорқыту" бабы бойынша айыптаудан бас тартқан. Сот процесінің соңына қарай Ерлан Исламғалиев төрт бап бойынша жауапқа тартылған. Басқа үкімдерді өзіне қосып алған 13 жылдық түрме жазасы "Қорқытып алушылық" бабы бойынша берілген.

Іс материалдарында 2017 жылы қыркүйектің басында Ерлан Исламғалиевтың төрт күн бойы Ираиданы пәтерде жылу батареясына байлап ұстағаны жазылған. Көрші бөлмеде Ираиданың кішкентай ұлы болған. Исламғалиев оны балалар бөлмесіне жауып, сыртқа шықса, күш көрсететінін айтып қорқытқан. Ираида бірнеше күнге созылған азаптаудан соң Ерланға тұрмысқа шықпай тұрып сатып алған үш бөлмелі пәтерін күйеуінің атына аударуға келіскен. Судья Шара Зайнуллинаның шешімімен, Ираидаға пәтері қайтарылды.

Сот үкіміне сәйкес, Ерлан Исламғалиев әйелін кепілге алып, оған зорлық көрсетіп, Ираида мен баласын азаптап, ірі көлемде ақша бопсалағаны үшін сотталған. Судья Зайнуллина прокурорды қолдап, Исламғалиевті 13 жылға қатаң режимдегі колонияға жабу туралы үкім шығарды. Сот Ираиданың моральдық және материалдық шығынды өтеу туралы азаматтық арызын жартылай қанағаттандырды. Исламғалиев Ираида мен оның ұлына 10 миллион теңге моральдық, 541,5 мың теңге материалдық шығын төлеуі керек.

ЖӘБІРЛЕНУШІГЕ ҚАРСЫ ІС

2020 жылы маусымның басында Ираида Исламғалиеваның соты басталды. Ол "ақпарат құралдарын пайдаланып жала жабу" және "ақпарат құралдарының көмегімен жасалған қорлау" айыптары бойынша жауапқа тартылған. Жеке айыптау туралы арызды Ираиданың бұрынғы күйеуі Ерлан Исламғалиев берген.

– Жеке айыптаушы Исламғалиев "Уральская неделя" газеті мен Facebook әлеуметтік желісіндегі "НеМолчи.KZ" қорының парақшасында Исламғалиеваның өлер алдында жазған хатының көшірмесі мен сөздері жарияланғаннан кейін сотқа барған, – деді судья Айжан Мырзалы.

Мұнда Ираиданың пәтерін күйеуінің атына аударған күні жазған хаты туралы айтылып отыр. Исламғалиева 2017 жылы төрт күнге созылған азаптау мен қорлаудан кейін күйеуімнің қолынан өлермін деп ойлағанын айтады.

– Хат жазуға мүмкіндік туды. Кейін бұл хатты астанада тұратын ағама жібердім. Хатта өліміме Ерланды кінәлауды сұрадым, – дейді Ираида Исламғалиева.

Ираида хатында күйеуін "маньяк" және "оңбаған" деп атаған. Бұл сөздер "қорлау" туралы жеке шағым беруге себеп болған.

Ерлан Исламғалиевтың арызы бойынша сот ісі 20 күннен кейін тоқтаған. Ираида Исламғалиев істі тоқтату туралы арызды сараптама қорытындылары келгеннен кейін жазған болуы мүмкін деген жорамал айтқан.

– Сараптама қорытындысында менің сөздерімнің жеке басты қорлауға жатпайтыны жазылған, – деді Исламғалиева.

Қазір полицияда Ираида Исламғалиеваға қарсы тағы бірнеше іс зерттеліп жатыр. Олардың ішінде Исламғалиевтың адвокаты Руслан Шағатаевтың шағымы бойынша қозғалған істер де бар. Бұл істердің біразы тоқтатылған, қалғандарын полиция департаментінің тергеу басқармасы қарап жатыр, – деді Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің өкілі Болатбек Белгібеков.

Белгібеков "тергеу құпиясын" алға тартып, Ираида Исламғалиеваның үстінен қандай баптар бойынша қанша іс қозғалғаны туралы сұраққа жауап беруден бас тартты.

АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ

Үкім оқылғаннан кейін сот отырысына онлайн режимде қатысқан Ерлан Исламғалиев "сот сатылған" деп айқайлады. Ол сондай-ақ жәбірленушіге "Өлім қал, мақұлық" деп айтып үлгерген. Осыдан кейін оның микрофонын өшіріп тастаған.

Айыпталушының адвокаты Руслан Шағатаев сот үкімінің оқылуына қатысқан жоқ. Азаттық тілшісімен телефон арқылы сөйлескен ол сот үкімімен келіспейтінін, аппеляциялық шағым беретінін айтты.

– "Қорқытып алушылық" және "Қинау" баптары бойынша сот үкімімен келіспейміз. Моральдық шығын көлемі тым жоғары деп ойлаймыз – прокурор үш миллион (екі миллион жәбірленуші, бір миллион оның ұлына) сұраған. Исламғалиев моралдық шығын төлеуге мүлде қарсы, – дейді Руслан Шағатаев.

Адвокат сондай-ақ қорғаушы тараптың "Адамды кепілге алу" бабымен келіспейтінін айтты. Шағатаевтың сөзінше, олар бұл бапты "Бас бостандығынан заңсыз айыру" бабына ауыстыруды сұраған. Қазақстан заңнамасына сәйкес, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зардабы болмаса, бұл бап бойынша ең көп дегенде, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Шағатаев судья Зайнуллинаға әлеуметтік желілердегі жазбалардың көмегімен қысым жасалған деп есептейді.

Ираида Исламғалиева бұрынғы күйеуіне (олар биыл қаңтарда ажырасқан) өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілсе деп ойлағанын айтып, сотқа шығарылған шешім үшін алғыс білдірді. Жәбірленушінің адвокаты Тамара Сәрсенова іс аяқталған жоқ, бұл хикаяның әлі жалғасы бар деп есептейді.

– Ираида өте қиын жағдайды басынан өткерді, бірақ бәрі аяқталды деуге болмайды. Ол әлі де қорқыныш пен стресс жағдайында өмір сүріп жатыр. Исламғалиев сотта "мерзімінен бұрын босап шығамын, түрмеде де бәріне ақша керек" деді. Ол түрмеден қашып кетіп, менің қорғауымдағы азаматқа кек қайтаруға уәде берді. Ерлан өзінің жазасыз қалатынына және өзгелерден деңгейі жоғары екеніне қатты сенеді. Осыдан кез келген нәрсе істеуге болады деп ойлайды, – дейді Тамара Сәрсенова.

"НеМолчи.KZ" қорының негізін салушы Дина Смаилова сот отырысына қатысу үшін Оралға келді. Қор өкілдері сотта жәбірленушінің қоғамдық қорғаушылары қызметін атқарды. Смаилова "кей эпизодтар бойынша қайта тергеу жүргізіп, істі басынан қарау керегін" айтты. Құқық қорғаушы сондай-ақ жәбірленушінің өміріне алаңдайтынын білдірді.

– Түсінгенім бойынша, бұл адам (Ерлан Исламғалиев) жәбірленушіні өлтіруге дайындалған. Ол тіпті, өз туыстарына да солай айтқан. Қазіргі жағдайға қарап, Ираида мен оның отбасының өмірі үшін алаңдаймын, – деді Дина Смаилова.

Дина Смаилова заңға өзгерту енгізуді қолдайды. Құқық қорғаушының пікірінше, тұрмыстағы зорлықты қылмыстық кодекске ауыстыру керек. Ол агрессорлардың аталған қылмыс түрі бойынша қарастырылған әкімшілік жауапкершіліктен қорықпайтынын айтады.

– Оларға (агрессорларға) жәбірленушіге жақындауға тыйым салатын қорғау қағазын береді, бірақ олар зорлық көрсетуін тоқтатпайды. Қылмыстық кодекске "Тұрмыстағы зорлық" бабын енгізіп, шынайы түрме жазасын беру керек. Агрессорды жазасыз қалдырудың салдары ауыр болады. Жәбірленуші мүгедек болып қалуы мүмкін. Кейде ұзақ уақытқа созылған тұрмыстағы зорлық кісі өлтіру фактісіне ұласады, – дейді Дина Смаилова.

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымының Орталық Азия бойынша кіші зерттеушісі Виктория Ким Қазақстандағы тұрмыстағы зорлық тақырыбын "тұрақты сақталып отырған мәселе" деп сипаттайды. Ол – HRW былтыр қазанда жариялаған "Қазақстан: тұрмыстағы зорлыққа ұшырағандарға арналған көмектің жетіспеушілігі" баяндамасын дайындауға қатысқан авторлардың бірі.

Виктория Ким тұрмыстағы зорлық ауыр қылмыс екенін, ол үшін жасалған қылмыстың ауырлығына сәйкес келетін жаза берілуі керегін айтады.

– Қатыгез күйеулер мен бірге тұратын азаматтар көбіне әкімшілік жаза ғана берілетінін түсініп, жылдар бойы зорлық көрсетумен болады. Қылмыстық қудалау мен сотқа тарту мүмкіндігі болса, бұл агрессорларды тежейтін факторға айналар еді, – дейді Виктория Ким.

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Главархив Москвы открыл онлайн-выставку к 500-летию Новодевичьего монастыря

Российское зерно найдет новых покупателей вместо европейцев

Собянин рассказал, как портал «Малый бизнес Москвы» помогает предпринимателям

Специалисты МОНИКИ провели мастер-класс для будущих хирургов в Мытищах

Музыкальные новости

Новости фармацевтики в России и в мире

ONYX отправляется в Большой тур по России

«Россети Новосибирск» продолжает конструктивный диалог с бизнесом по вопросам подключения к электрическим сетям

Компании Группы "Интеррос" взяли ряд наград премии FINAWARD

Новости России

Мостовой высказался о матче между «Балтикой» и «Зенитом»

Аналитики выявили самые «душистые» регионы России

В Луховицах специалисты потушили лесной пожар

Пожарные из Воскресенска напомнили детям правила безопасности

Экология в России и мире

Eleganzza весна-лето 2024

Представители KAMA TYRES приняли участие в 57-й легкоатлетической эстафете

Доктор Кутушов назвал болезни, которые поджидают отдыхающих у водоёмов

Пять морей и одно озеро: в России создадут новые круглогодичные курорты - стали известны подробности

Спорт в России и мире

Андреева назвала важнейшей в карьере победу над Азаренко на "Ролан Гаррос-2024"

Соболенко победила на старте открытого чемпионата Франции по теннису

Елене Рыбакиной поставили неожиданный «диагноз»

Пресс-служба WTA мемом отреагировала на тяжёлую победу Свёнтек над Осакой

Moscow.media

Жулан.

ALMI Partner и «Даком М» будут совместно развивать и продвигать отечественные ИТ-решения

Лучший HR-бренд – «Грузовичкоф»

ТСД SAOTRON RT-T50: высокопроизводительный терминал сбора данных промышленного класса







Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *