Аты аңызға айналған тұлға
Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Бауыржан атамызды төрткүл дүние түгел танып үлгерді. Батыр, жауынгер, әскери қолбасшы, стратег, ақын, жазушы әрі суретші болған Бауыржан Момышұлының адамзат баласына сирек бітетін озық ақыл-ойы, алған бетінен қайтпайтын қайсар, ірі мінезі естіген жұртты түгел тәнті ететін. Міне, биыл осы ел басына күн туып, ат ауыздықпен су ішіп, ер етікпен су кешкен заманда ел мүддесін қорғаған дара тұлғамыздың тұғанына 110 жыл толғалы отыр. Қысылтаяң сәттерде қазақтың намысын бәрінен жоғары қоя білген, халқымыздың біртуар азаматы Бауыржан Момышұлы атамыз 1910 жылы желтоқсан айының 24 жұлдызында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында қарапайым қазақ шаңырағында дүниеге келген....