3 мың ерікті COVID-19 індетіне қарсы әзірленген отандық вакцинаны сынамақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3 мың қазақстандық ерікті COVID-19 індетіне қарсы әзірленген отандық вакцинаны сынамақ. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.