Табиғат зардап шекпесін!
Экологиялық мәселелерді сөз ету, жаһандық экологиялық апаттарды мысалға келтіре оттырып, болашақта экологиялық зардаптарға жол бермейік деген мақсатта жазылған мақала.
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар
және Әлем Тілдер Университетінің студенті
Болатова Ұлжан Мырзағалиқызы
ТАБИҒАТ ЗАРДАП ШЕКПЕСІН!
Адам және табиғат. Бұлар ешқашан да бөлінбейтін егіз ұғымдар емес пе?! Табиғат-адамға берілген таңғажайып сый, ал адам сол таңғажайып сый- Табиғат ананың перзенті. Сондықтан да әр перзент өз ата-анасын қорғауға, аялап-ардақтауға міндетті.
Әлемде адам баласының қолынан туындаған табиғат апаттары өте көп. Олар қандай апаттар? Мысалы: 1990 жылы АҚШ пен Ирак арасындағы соғыста АҚШ әскерін бөгеу үшін Ирандықтар Парсы шығанағына 8 тонна мұнай төккен. Әсерінен таяу Шығыста экологиялық апат орын алып, шығанақта мекен ететін жануарлар қырылды. Ал Қытайдың Гуйю қаласында...