Өнегеге толы өмір
Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, ҚР ҰҒА Құрметті академигі Уахит Хамзаұлы Шәлекенов 96 жасында өмірден өтті.
1973 жылдың тамыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің жаңадан ашылған «Археология және этнография» кафедрасына профессор болып келіп, 1973-1986 жылдары кафедра меңгерушісі, тарих факультетінің деканы болып жұмыс істеген Уахит Хамзаұлы осы қызметтерді атқаруда өзінің ұйымдастырушылық, ұстаздық және ғылыми қабілеттілігін іс жүзінде көрсетті. Археология және этнография саласы бойынша мамандар дайындау мәселесін жолга қойып, кафедраның өсіп-өркендеуіне зор үлесін қосты. Университет қабырғасында жарты ғұмырын өткізіп, сол кезең аралығында тарих ғылымының даму жолына өзінің үлкен үлесін қосып кетті....