Шымкентте ер адам үшінші қабаттан құлап кетті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте ер адам үшінші қабаттан дүкеннің шатырына құлап кеткен. Құтқарушылар көпқабатты үймен іргелес орналасқан дүкеннің шатырына шығып, зембілдің көмегімен зардап шегушіні жерге түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.