«Жаңа қоныс» телехикаясының түсірілімі басталып кетті (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша «Dastan MEDIA» кинокомпаниясы «Жаңа қоныс» (Квартиранты) 12 сериялы телехикаяның түсіріліміне кірісіп кетті. Ситком «Қазақстан» телеарнасында қазан айында көрсетіледі деп жоспарлануда. Бұл туралы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі хабарлайды.