Түркістан облысында жекпе-жек спортын дамыту мәселелері талқыланды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығының басшысы Дәурен Тәңірбергенов Сайрам және Төлеби аудандарына сапармен барды. Спорт мектептерін аралаған қауымдастық басшысы облыс көлемінде Олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту мен тәжірибелі жаттықтырушыларды жасақтау, оларға әдістемелік көмек көрсету мәселелерін сөз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.