10 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 10 желтоқсан күні республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауады. Қазақстан аумағының қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. ҚР солтүстігінің кей жерлерінде көктайғақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.