Тәуелсіздік – тәу етер киеміз!
Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың қомақты да ауқымды істер тындыра алатын өресі мықты халық екенін әлем білді. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан ата-бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсап, армандаған ата-бабаларымыздың асқақ арманы жүзеге асты десек, қателеспейміз. Тәуелсіздік тарихы - ұлы тақырып екендігін жас буын өкілдері, қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы, ауызбіршілігі берік, мықты халық қана қол жеткізетіндігін өткеніміз нақты дәлелдеуде. Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз заңдары мен қағидалары болуы қажет. Осыған орай...