Ата-аналар балабақшадағы жаңажылдық шараларды онлайн тамашалайды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында көпшілік шараларды өткізуге тыйым салынған. Алайда, соған қарамастан өңірдің «сары аймаққа» өтуіне байланысты кезекші топтағы балалар үшін жаңажылдық ертеңгіліктер өзге форматта өтеді. Бұл туралы Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.