Маңғыстау облысында мереке күндері карантин талаптары жеңілдейді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес мереке және демалыс күндері сауда, ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік, азық-түлік емес базарларына келушілер саны 30%-дан аспайтын карантин талаптарын сақтай отырып, қалыпты режимде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.