Абайды білу – өзіңді тану.
Абай атамыздың 175жылдығына орай жазылған мақала.
Күллі әлемнің әдебиеті мен мәдениетінің, өнері мен білімінің – бүкіл рухани жан дүниенің дамуы, жалпы адамзаттық өркениетке ұмтылысы – сол халықтың өміріне, ұлт ретінде адами болмысы мен рухына іргелі бетбұрыс жасаушы ұлы дарындардың тарихи еңбегімен, қайталанбас қайраткерлік тұлғасымен тығыз байланысты болып жатады. Қазақ халқы үшін сондай дара тұлға, әрбір сөзі даналықтың үлгісіндей болған Абай Құнанбайұлы. Абай - қазақ әдебиетінің тұңғыш классигі, Ұлы ақын, ағартушы, сазгер, ойшыл, қоғам қайраткері.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға, соның ішінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының аталып өтетініне тоқталды. Осы ғұлама тұлғамыздың...