Астанада Спорт күніне орай түрлі бұқаралық шаралар өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш күн бойы Астана қаласында Спорт күнін атап өту аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі бұқаралық спорт түрлерінен жарыстар мен қызықты эстафеталар, шеберлік сағаттары өткізіледі, деп хабарлайды astana.kz.