Қызылорда облысында бір күнде 8 мектеп пен 1 балабақша ашылды (ФОТО)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бір күнде Сыр өңірінің 5 бірдей ауданы мен Қызылорда қаласында 8 білім ордасы мен 1 балабақша пайдалануға берілді. Тағы үш мектеп қыркүйек айына дейін ашылады деп жоспарлануда. Білім нысандарының ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов және облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.