Түннің ақыры
— Анна, сіз кешке кетесіз бе?
(ЖАН АЛҚЫМ)
роман
I
— Анна, сіз кешке кетесіз бе?
Тереза басын көтеріп қызметшісіне қарады. Өзі сыйлаған ағылшын костюмі мына балиғатқа толған жас қыз үшін тарлау болып қалыпты. Анна от анасының алдына келді.
— Тыңдаңызшы, аяулым, жаңбыр құйып тұр. Қайда жиналдыңыз?
Терезаның қызды жібергісі келмеген еді, жиыстырып қойып жатқан ыдыстардың сылдырын осы қыз үнемі ыңылдап айтып жүретін түсініксіз әлдебір әннің әуеніне құлақ тұру бұған ұнайтын. Қыз сағат онға дейін кетіп қалмаған күнгі кештерде үйде жас, ширақ жанның жүргенін білдіретін бұл дыбыстар Терезаның жанын жай таптыратын. Бастапқы кезде Анна пәтердің шағын жеке бөлмесіне жайласқан-ды. Түн ішінде от анасына ыңырсу, баланың ұйқы...