Лайықсыз
Қала туралы түсінікте ұдайы уақыттық тұрғыда қателесетініміз бар: дәмханалар шарапхана сипатына еніп, есігінен ішкі аулалар мен орындықтар көрініп тұратын подъезд түпкір тұсында лифтісі бар лас дәлізге айналыпты. Сонымен, бірнеше жыл бойына өзімді Талькауано көшесіндегі белгілікті жерде "Буэнос-Айрес" кітап дүкенінің күтіп тұрғанына күмәнім жоқ-ты.
(новелла)
Қала туралы түсінікте ұдайы уақыттық тұрғыда қателесетініміз бар: дәмханалар шарапхана сипатына еніп, есігінен ішкі аулалар мен орындықтар көрініп тұратын подъезд түпкір тұсында лифтісі бар лас дәлізге айналыпты. Сонымен, бірнеше жыл бойына өзімді Талькауано көшесіндегі белгілікті жерде "Буэнос-Айрес" кітап дүкенінің күтіп тұрғанына күмәнім жоқ-ты. Алайда бір күні оның антикварлық дүкенге айналғанына, бұрынғы қожайыны дон Сантьяго Фишбейннің қайтыс болғанына да көзім жетті. Ол аса жуан адам еді... Түр-түсінен гөрі арада өткен әңгімеміз есімде көбірек сақталыпты. Байсалды да тиянақты оның еврейлерді бір дәстүр мен бір ғана елге телінген, дәл қазір өзін байытып отырған қарама-қайшылық пен ахуалдан айырылып, қатардағы көптің біріне айналдырып жіберетін...