Гуаякиль
Пласидо мүйісінің суларындағы Игеротаның заңғарларын көруім, Шығыс провинцияда болып, осында − Буэнос-Айрестен көзіме елестетуге тырысатын кітапханада отырып, Боливар хаттарының сырын ұғына қоюым екіталай сияқты. Оның да өзіне сай келбеті мен іңір сайын жерге түсіп тұратын өскелең көлеңкесі бары белгілі ғой.
(новелла)
Пласидо мүйісінің суларындағы Игеротаның заңғарларын көруім, Шығыс провинцияда болып, осында — Буэнос-Айрестен көзіме елестетуге тырысатын кітапханада отырып, Боливар хаттарының сырын ұғына қоюым екіталай сияқты. Оның да өзіне сай келбеті мен іңір сайын жерге түсіп тұратын өскелең көлеңкесі бары белгілі ғой.
Екіншісін жазбас бұрын алғашқы сөз тіркесін оқи отырып, оның күйреуік әрі мақтан сүйгіштеу ыңғайына таңғалам. Жобасы, осы бір Кариб Республикасы туралы оның ең танымал баяншысы Капитан Юзеф Коженевскийдің көтеріңкі жазу мәнерінің әсеріне ұрынбай сөйлеу мүмкін де емес. Алайда, дәл бұл жерде оның түк те қатысы жоқ.
Алғашқы сөз тіркесі менің біршама мұңдылау, жалпы алғанда түкке тұрмайтын оқиға туралы көтеріңкі...