Төрге шыққан кім?
«Енді Асқарбек Қалиевич келуі керек» деген сөз шыққанан бері Төкеннің тынымсыз жалтақтап қарай бергені есік жақ. Қонақтардың бас-аяғы жуыр маңда түгенделіп бітпеген соң, жиылған жұрт әзірше ұсақ-түйек жыбыр әңгімені қанағат етіскен сыңайлы. Манадан бері көңілсіздік көлеңкесінде қоңырайып отырған жігіт жұрттың сөзіне емін-еркін араласып кете қойған жоқ. Көзіне оттай басылған бір-екі шала танысымен жылы-ұшырай амандасып еді, олары тым құрыса сыпайылық үшін болса да, өзара өрбіген ортақ әңгімеге тартуды да білмеді. Бұның құлағы қалқиып, ұрты суалған жүдеулеу өңіне, арзанқолдау киіміне қарап, алымсынбай, олқысына ма, кім білсін. «Танымайтын жерде — тон сыйлы» деген мақалды мансұқтап, теріс деп танитын салауатты азаматтардың кейбірі осындайда аяқтарының басын қайқайтып, кісіліктене қалады-ау тіпті.
«Енді Асқарбек Қалиевич келуі керек» деген сөз шыққанан бері Төкеннің тынымсыз жалтақтап қарай бергені есік жақ. Қонақтардың бас-аяғы жуыр маңда түгенделіп бітпеген соң, жиылған жұрт әзірше ұсақ-түйек жыбыр әңгімені қанағат етіскен сыңайлы. Манадан бері көңілсіздік көлеңкесінде қоңырайып отырған жігіт жұрттың сөзіне емін-еркін араласып кете қойған жоқ. Көзіне оттай басылған бір-екі шала танысымен жылы-ұшырай амандасып еді, олары тым құрыса сыпайылық үшін болса да, өзара өрбіген ортақ әңгімеге тартуды да білмеді. Бұның құлағы қалқиып, ұрты суалған жүдеулеу өңіне, арзанқолдау киіміне қарап, алымсынбай, олқысына ма, кім білсін. «Танымайтын жерде — тон сыйлы» деген мақалды мансұқтап, теріс деп танитын салауатты азаматтардың кейбірі осындайда аяқтарының...