Менің сүйікті мамандығым
Менің сүйікті мамандығым мұғалім.
Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс-тәсілдерім
Менің мамандығым - мұғалім. Менің ойымша, бұл жай мамандық емес – бұл әрбір адам баласын дұрыс бағытқа сілтейтін ең ғажап мамандық. Мен балалық шағымнан мұғалім болуды армандадым. Тіпті менің балалық ойындарымның барлығы дәл осы мамандықпен байланысты болды.
Менің мұғалім болуыма себепкер әрине дәл осы мамандық иелері еді. Дәлірек айтсақ, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап біз үшін еңбек еткен ұлағатты ұстаздар қауымы болатын. Олар маған жаңа әлем есігін ашқандай әсер етті. Сол үшін де ұстаздар мен үшін өмірімдегі ең маңызды тұлғалардың бірі болды. Уақыт өте келе ересек шаққа аяқ басқанда бұл мамандықтың нағыз адамының бірі...